Green Mine еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметін ұйымдастыру келесі басты ережелерге негізделген:
Өз қызметін қолданыстағы халықаралық, мемлекеттік, жергілікті заңнамалық және корпоративтік талаптарға, сондай-ақ өзіне қабылданған келісімшарттық міндеттемелерге қатаң сәйкестікте жүзеге асыруға.
Төтенше немесе басқа да күтпеген жағдайлардың туындау тәуекелдерін барынша азайтуға.
Өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты адам өмірі мен денсаулығы құндылығының басымдығы.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және денсаулық мәселелері бойынша барлық қызметкерлерді тарту және тұрақты оқыту.
Өз қызметкерлерінің денсаулығы мен қауіпсіздігі көрсеткіштерін үздіксіз жақсарту.